| Главная » Файлы » Турецкие сериалы |
| В категории материалов: 53 Показано материалов: 51-53 |
Страницы: « 1 2 3 4 5 6 |
Страна: ТурцияДобавлена 65 серия. Заключительная 1 сезона
Бұл сериал Осман имериясын басқарған Сұлтан Сүлеймен (Великолепный век) және оның Украиналық ғашығы Хюрем(Роксалане) жайлы. Рогатин аталатын қалашықта, священниктің отбасында дүниеге келген. Осман империясына сол кез¬дегі (XІV ғасыр) қуатты Польша мемле¬ке¬тінің қол астындағы Украинадан жеткі¬зіл¬ген.Яғни оны қазіргі Львов облысы аумағына шап¬қыншылық жорық жасаған¬ Қырым татарлары тұтқындап, Стамбулдағы құлдар мен күңдер базарына апарып сатпақ болады. Осы жерде оған Сүлеймен сұл¬танның уәзірі Ибрагим-пашаның көзі түседі.Ол Анастасияны сатып алып, сұлтанның гареміне тарту етеді. Гаремде жүріп Анастасия өзінің ақылдылығымен, сауаттылығымен, ерекше мінезімен сұлтанды өзіне баурап алады, араларында бір-біріне деген махаббат сезімі оянады. Анастасияға сұл¬тан «Хюррем», яғни «Жүрекке аяулы» де¬ген есім береді. Ақылды да айлалы әрі аяр Хюррем кейін оның заңды әйеліне айналады, бірте-бір¬те мемлекеттік іс¬терге дейін араласатын деңгейге жетеді. Империя тағына өзінен туған баланы мұрагер ету үшін қолынан келгеннің бәрін де жасайды. (Түптің-түбінде, анасы¬ қайтыс болғаннан кейін Хюрремнің ұлы Селим Осман империясының билеуші¬сіне айналады. Ол тақта жеті-сегіз жыл отырған. Тарихта аты шарапқұмарлығымен қалыпты. Оның кезінде Осман империясы әлсіреп, өз иеліктерінен айы¬рыла бастаған).
Түпнұсқадағы атауы: Muhtesem Yüzyil
Жанры: тарихи драма
Мемлекеті: Түркия 2011
Режиссері: Тайлан Бирадерлер
Продюсері: Tимур Саваджи
Сценарийін жазған: Мераль Окай
Операторы: Aйдын Сариоғлы
Композиторы: Фахир Атакоглу, Айтекин
Суретшісі: Ерай Бинтас
Рөлдерде: Мерьем Узерли, Халит Эргенч,
Окан Ялыбык, Небахат Чехре,Сельма Эргеч,
Филиз Ахмет,Селим Байрактар
Сүлеймен сұлтан мен оның Роксалана атты ғашығы жөнінде көптеген кітаптар жазылып, бірнеше фильмдер түсірілді. «Сулейман Великолепный» сериалы да соның бір нұсқасы. Ислам заңдары бойынша, сұлтан төрт заңды неке және жесір әйелдер мен тағы бірнеше қызды иеленуге құқылы. Бірақ мұрагерлікке тек бірінші әйелден туған балалар ғана қалдырылады. Алайда тұтқынға түскен украиналық Роксалана түрлі қиыншылықтарға қарамай сұлтанның әйелі атанады. Ислам дінін қабылдап, Хюррем аттанады және тағы да басқа жетістіктерге ие бола біледі.
Бүгінде қазақ көрермендері бұл сериалды асыға күтетін болды. 400 серияға созылған «Денизден» жалыға бастаған қазақ жұртшылығы үшін «жаңа әлем» ашылғандай болды. Түрік тарихы «Сүлеймен сұлтан» сериалында қызықты да көркем бейнеленген. Қазақ хандары жайлы да осындай сериал түсіруге болар еді-ау деп, іштей тағы бір күрсіндік…
Бұрындары «Зерда», «Мың бір түн» сериалдары арқылы көрермендердің сүйіспеншілігіне бөленген Халит Эргенчтің нағыз кәсіби актерлық шеберлігі мен ешкімге ұқсамайтын өзіндік фактурасы ешкімді бейжай қалдырмаса керек. Оған көрерменді бірден баурап алатын жұп-жұмыр сценарий мен ұшқыр режиссураны қосыңыз…
Түсіруші топтың ең үлкен қулықтарының бірі – 1 серияны екі сағатқа созып, ортасында сериалдың ең өзекті сюжеттерімен таныстырып алуы. Бұл да жарнаманың ұтымды түр, көрерменді еш қиындықсыз баурап алудың тағы бір жолы. Тіпті, мұндайға үйренбеген кейбір қазекемдер: «Жарнамасыз, әрі ұзағынан көрсететін не деген жақсы кино бұл» деп таңдай қағысып қалды. Әйтсе де, бұл қуаныштары ұзаққа созылмады. Себебі, келесі серияларын көрсету барысында түріктер де, «Хабар» арнасы да бұрынғы «әуендеріне» қайта басты…